Павлодар облысында жол жөндеушілер адам сүйектерін тапты

/
Павлодар облысында жол жөндеушілер адам сүйектерін тапты
Көрнекі сурет

Павлодар облысында жол жөндеу кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

14 тамыз күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданына қарасты Жанауыл ауылы маңында жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар жол жиегінен адам сүйектерінің фрагменттерін тауып алды

Полиция мәліметінше, сүйек қалдықтары табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары