Оңтүстік Африканың оңтүстік-шығысындағы Дурбан қаласының орталық жағалауынан бірнеше метр қашықтықта жеңіл моторлы ұшақ суға құлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оңтүстік Африка қаласының жағалау маңында ұшақ суға құлады
Бұл туралы жергілікті SABC радиостанциясы мәлімдеген.
Ұшақ құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әуе кемесінде болған адамдардың саны әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желілерде ұшақтың танымал Санкоуст-Бич қалалық жағажайының үстінен ұшып өтіп бара жатып, кенеттен биіктігін жоғалтып, суға құлаған сәті түсірілген видео тарады.