Бүгін Астанада Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ойында «Астана» Швейцарияның «Лозанна» клубымен ойнады.
Алғашқы матч Лозаннада (Швейцария) өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталған еді. Есеп – 3:1.
Қарымта ойында да «Астана» жеңіске жете алмады және қос матчтың қорытындысы бойынша Конференция лигасынан шығып қалды. Есеп – 0:2. Енді «Лозанна» плей-офф кезеңінде Түркияның «Бешикташ» және Ирландияның «Сент-Патрикс Атлетик» клубтары арасындағы клубтардың біріне қарсы ойнайды.
Еске сала кетейік, «Астана» жаңа еурокубок маусымын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастаған болатын. Осы кезеңде қазақстандық клуб Молдованың «Зимбру» командасын жалпы есеппен 3:1 есебімен жеңген еді.