Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесу барысында LRT-дегі жолақы мен жеңіл рельсті көліктің іске қосылуы жайында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әкімнің айтуынша, LRT-да болжамды жолақы құны бір сапарға 200 теңге болады, кейін нақты тариф белгіленеді.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек журналистердің LRT-нің сынақтық іске қосылу мерзіміне қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ нәтижелері бойынша оның толыққанды пайдалануға қашан берілетіні белгілі болады. Әдетте сынақ режимі үш айдан алты айға дейін созылады», — деді қала басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада LRT желісінде жұмыс істеу үшін машинистерді қосымша қабылдау жарияланған болатын. Сондай-ақ, CTS LRT депосының қазіргі жағдайын көрсетті.