Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

/
Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына өтті. 

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады – 7:6 (7:3). 

Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы үстемдік танытты - 6:2.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Киз 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 42-орындағы испаниялық Джессика Бузас Манейроны жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары