Актриса төрт баласының ешқайсысында гендер пати болмағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сондай-ақ ол кезекті сәбиінің жынысын у-шусыз балаларымен бірге анықтауды ұйғарғанын жеткізді.
«Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен Эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Олар сәбидің жынысын дастарханға қойылған мотиді бір мезетте тістеу арқылы анықтаған. Ал баланың жынысын аңғартатын түс мотидің ішінде орналасқан.
Алайда ол YouTube арнасына аталған видеоны әлі жүктемеген және желі қолданушыларына күтіп жүрген сәбиінің ұл не қыз екенін ашып айтпаған. Соған қарамастан көпшілік оны құттықтап жатыр.
"Қыз болса да, ұл болса да бастысы дені сау ұрпақ болсын!", "Қыздардың қуанғанына қарағанда қыз бала өмірге келетін сияқты ғой", "Ұл. Жұлдыз мотиды тістегенде тісінде көк бояу көрінгендей болды", "Төрт құбылаңыз әкесінің қасында болмағаны қиындау емес пе?" деп жазды желі қолданушылары.