ШҚО-да Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды

/
ШҚО-да Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында Сузуки автокөлігін тоқтатқан, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде көліктен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген бір ителгі және тұзақ ретінде пайдалану мақсатында алты көгершін табылып, тәркіленген. Ұсталған 55 жастағы ШҚО тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген.

«Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы құстар Өскемен қаласындағы мемлекеттік зообаққа тапсырылды. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және облысымыздың флорасы мен фаунасын қорғауға шақырады», - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары