11 тамыз күні Астанада алты жастағы бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, аман қалған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бала өз пәтерінің терезесінен құлап, екінші қабаттың қақпақшасына (козырек) түскен. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
12 тамыз күні полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.
Бүгін дәрігерлер баланың жағдайы туралы айтты. Бала жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылған. Мұндай биіктіктен құлаған кезде аман қалу мүмкіндігі өте аз. Баланың жағдайы әлі де ауыр болса да, десе де ол есін жиған.
«Баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, травматология бөліміне ауыстырылды», - деді Астананың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Баланың миы шайқалып, сүйектері сынған.