Жазғы туристік маусымның қызған шағында Черногорияда бірнеше ірі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ең ауыр жағдай Подгорица мен Никшичте секілді екі ірі қалада, сондай-ақ жағалаудағы Чань және Булярица аудандарында байқалып отыр.
Подгорица маңында от үш қала маңындағы елді мекендердегі тұрғын үйлерге дейін жетіп, ондаған адам эвакуациялануға мәжбүр болды. Черногория астанасының кейбір аудандарында су мен электр қуатының берілуінде үзілістер болды. Өрт айтарлықтай материалдық шығын келтіріп, бірнеше адам зардап шекті.
Күшті жел мен жоғары температура өртті сөндіруге қиындық тудырып отыр.
Бір күн бұрын Сербия Черногорияға жедел көмек ретінде жүк көтергіштігі бес тонна болатын ресейлік «Камов» тікұшағын жіберген еді. Бұл техника қазірдің өзінде Подгорица маңындағы өртті сөндіру жұмыстарына қатысуда.