Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймақта және Ертіс ауданында орналасқан үш сорғы станциясын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзған барлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы шамамен 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар бассейндік инспекция мамандары өңірдің шаруалары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Бассейндік инспекциялардың барлығы суды пайдалану заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ биыл маусым айында қабылданған суармалы суды пайдалану ережелері, арнайы су пайдалану рұқсатын алу және су үнемдеу технологияларына көшу қажеттілігі бойынша су пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.
Заңсыз су пайдалану мәселесімен күресу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі бірқатар шара қабылдағанын еске сала кетейік. Оның ішінде су заңнамасын бұзғандарға жауапкершілікті күшейту және суармалы суды пайдалану ережелері бар. Бұл ережелерге сәйкес, тиісті келісімшартсыз су тұтынғаны немесе су жеткізушімен келіспей егіс дақылдарының түрін өзгерткені үшін айыппұл салынады.