Алматы қаласының полициясы өткен жексенбіде өткен Дженнифер Лопестің концертіне билет сату бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті интернет-платформалардың біріне хабарландыру орналастырып, концертке екі жалған билет сатқан.
— “Заң мен тәртіп” қағидасы бізден мұндай фактілерге дереу әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе тексерілген кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, — деді Алматы қаласы ПД киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.