Блогер ескі көлік мінген астаналық жүргізушіге 11 млн тұратын автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

/
Блогер ескі көлік мінген астаналық жүргізушіге  11 млн тұратын автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегенова Астанадағы кездейсоқ адамға жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогерлер отбасы Астана көшелерінде ескі автокөлікпен кетіп бара жатқан жүргізушіні тоқтатып, су жаңа 11 млн тұратын көліктің кілтін ұсынды.

«Бұндай сәттерде бәрі Алланың қалауымен болатынын түсінесің. Дәл осы отбасыға бұйырғанына қуаныштымыз”, - деді блогер.

Миллиондаған оқырманы бар блогер көптің ықыласына бөленді.

«Қандай күшті, нағыз мұқтаж жанға бұйырыпты», «Өзім алғандай қуанып тұрмын! Жарайсыңдар!»,- деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары