Дженнифер Лопестің концертінен кейін футбол алаңдары бүлінген

/
Дженнифер Лопестің концертінен кейін футбол алаңдары бүлінген

Әншінің Өзбекстанда өткен концертінен кейін футбол алаңы зардап шеккен. Бұл туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бунёдкор» стадионында көгалдың жағдайы сұмдық күйге түскен. Дренаж жүйесі де зақымданған. Бұл стадионда ұлттық құраманың да ойындары өтеді.

Championat Asia хабарлауынша, қазір жабынды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл процесс шамамен екі айға созылуы мүмкін.

Сол себепті «Бунёдкор» жаңа алаң іздеуге мәжбүр. Ұлттық құрама да қиындыққа тап болды. Себебі жақында Өзбекстанда ФАЦА Ұлттар кубогы өтеді.

Осыған ұқсас жағдай Ереванда да болған. Республикалық стадион әншінің концертінен кейін зақымданған. Газон жарамсыз болып, матчтар өткізу мүмкін емес. Sputnik Армениямәліметінше, қыркүйекте мұнда ӘЧ іріктеу аясында Португалия келуі тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары