Джей Лоның гитарисі қазақстандықтардың үйінде қонақ болды (ВИДЕО)

/
Джей Лоның гитарисі қазақстандықтардың үйінде қонақ болды (ВИДЕО)
скриншот

Қазақ отбасы Дженнифер Лопестің командасындағы Бас-гитаристі үйінде күтпеген жерден қонақ етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы тұрғынының айтуынша, музыканттар тоқтаған қонақүй олардың үйінің жанында орналасқан. Оның жиені сол маңда баскетбол ойнап жүріп, гитарист Пастор Фанкпен танысып, достасып кеткен. Кейін үйге қонаққа шақырған.

«Ол оны біздің үйге ертіп келді. Біз қатты таңғалдық... Өзі сондай қарапайым, ашық, ақкөңіл», — деп жазады бойжеткен.

Соңында, қазақ отбасына тән дәстүр бойынша, оған сарқыт салып берген. Бұл оқиғаға желі қолданушылары да таңданысын жасырмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары