Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

/
Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді
istockphoto.com

Оңтүстік Қырғызстанда бүгін, 11 тамызда, түнде жер сілкінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қырғыз Республикасы Сейсмология институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері сағат 00:31-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Талды-Суу ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

Талды-Суу ауылында сілкініс қарқыны 3 баллды, Сары-Моғол және Арча-Булақ ауылдарында – 2,5 баллды құрады.

Бұған дейін Түркияның Балыкесир қаласында 4,6 баллдық қайталама жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары