Маңғыстаулық спортшы XII Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды

/
Маңғыстаулық спортшы XII Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында маңғыстаулық спортшы Жәнібек Әбу-Бәкір топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің хабарлауынша Джиу-джитсудан әлем чемпионы саналатын 69 келідегі Жәнібек Әбу-Бәкір финалдық айқаста Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңіп кетті.

Бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған болатын.

Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындарының өткен тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде және 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге иелік еткен еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары