Бангкокте бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін 7 боксшымыз финалға шыққан болатын. Бірақ олардың екеуі ғана алтыннан алқа тақты.
Алтын жүлде:
Құралай Егінбайқызы (80 келі);
Расул Асанханов (90 келі).
Күміс жүлде:
Аяжан Ермек (57 келі);
Әділет Тортубек (60 келі);
Бейбарыс Әшірбай (70 келі);
Тимур Тайбеков (80 келі);
Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі).
Айта кетері, финалда үшеуі Өзбекстан боксшыларынан ұтылса, тағы екеуі Үндістан мен Иран спортшыларына жол беріп қойды.
Бангкокте Азия чемпионаты World Boxing ұйымдастырған алғашқы құрлықтық жастар турнирі болды.