World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі күміс медаль алды.
Құрлықтық дода финалында Әділет Тортубек (60 келі) ирандық Али Чигриханиге 2:3 есебімен жол берді.
Ал Бибарыс Әшірбай (70 келі) өзбекстандық Абдулазиз Журакуловқа есе жіберді.
Енді отандастарымыз арасынан Тимур Тайбеков (80 келі) өзбекстандық Норбек Абдуллаев, Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) өзбекстандық Самир Собиров, Расул Асанханов (90 келі) үндістандық Хемант Сангванмен қолғап түйістіреді.