Президент кубогы: Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жеңімпаз атанды

/
Президент кубогы: Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жеңімпаз атанды
ҚТФ

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Президент кубогы үшін Астанада өтіп жатқан ITF W15 жарысында үздік шықты.

Іңкәр Дүйсебай – Асылжан Арыстанбекова финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова – беларусьтік Анна Кубаревамен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда ресейлік-беларусь жұбы тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Екінші сетте Асылжан мен Іңкәр 6:4 есебімен есе қайырды. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:3.

Осылайша, А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай жұптық сында чемпион атанды.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова жекелей сында жартылай финалда әлемнің 739-ракеткасы, ресейлік Эдда Мамедоваға жол берді – 2:6, 3:6. Сөйтіп ол финалдан тыс қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары