Жамбыл облысында екі балаға бес жыл бойы мал бақтырып қойған

/
Жамбыл облысында екі балаға бес жыл бойы мал бақтырып қойған
Фото: Жамбыл облысының ПД (Суретте полиция қызметкері балаларды қуантып тұр)

Жамбыл облысы Талас ауданында екі жасөспірімнің күштеп ұсталып, бірнеше жыл бойы мал баққаны анықталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, балалар шамамен бес жыл бойы ауыр еңбекке мәжбүрленіп, ұялы телефондарынан айырылған. Егер қой жоғалса, оларды ұрып жазалаған.

Жасөспірімдердің бірі бейнежазбада: "Телефонымды алып қойды. Біз осында мал баға­мыз, уақытты жолда өтіп бара жатқан жүргізушілерден сұрап білеміз. Бізге осылай қорлық көрсетілді", – деп мәлімдейді.

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл деректі растады. Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекс аясында іс қозғаған.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды Тараз қаласындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жеткізді. Сол жерде тергеу амалдары жүргізіліп, психологиялық және заңдық көмек көрсетіледі", – делінген департамент мәліметінде.

Сапар алдында балалар медициналық тексерістен өткізілген. Қазіргі уақытта толық және жан-жақты тергеу жұмыстары басталды. Мақсат – оқиғаға қатысы бар барлық адамдар мен мән-жайларды анықтау.

Оқиғаны мұқият зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл де бар. Комиссия мүшелері Талас ауданына барып, жағдайды егжей-тегжейлі зерттеуге кірісті.

"Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық әрекеті заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары