Анталиядан ұшқан ұшақ Астанаға қона алмай кеткен

/
Анталиядан ұшқан ұшақ Астанаға қона алмай кеткен

Қазақстандық жолаушы Анталия – Астана рейсіндегі әуе кемесінде болған ерекше жағдай туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Tengri Travel тілшісіне егжей-тегжейлі айтып берген.

Редакцияға хабарласқан жас жігіт Air Astana компаниясының KC 216 рейсіндегі жағдайды баяндаған.

«Airbus A320 ұшағы Түркияның Анталия қаласынан Астанаға бағыт алған болатын. Астанаға жақындағанда ұшақ қонуға әрекеттеніп, бірақ диспетчер рұқсат бермеген соң, екінші айналымға кетті. Кейін қайтадан қонуға талпынып көрді, бірақ тағы да қона алмады. Ұшақтың биіктікке көтерілуі қиын болды. Дірілдеп, әрлі-берлі шайқалды. Терезеден найзағай көрініп тұрды, жаңбыр не бұршақ жауып жатқан сияқты болды», – деді ол.

Жолаушы экипаж жұмысына жоғары баға беріп, олардың кәсіби және сенімді әрекет еткенін атап өтті.

«Ұшқыштар өте сауатты әрекет етті – ұшақты көтеріп, Алматыға бағыттады, себебі Қарағанды әуежайы да жабық болған. Жолаушылардың кейбірінің жағдай нашарлап кетті, бортта дәрігерлер болды, солар оларға көмектесті. Алматыға қонғанда жедел жәрдем дереу ұшаққа келді», – деп түйіндеді жолаушы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары