Астанада «BIG Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге жүйелі түрде көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгінгі таңда 263 кәсіпкер Төтенше жағдайлар департаментінен (ТЖД) өрт пен келтірілген шығынды растайтын ресми анықтамаларын алды.
Бұл анықтамалар – несиені шегеру, жеңілдікпен өтеу немесе қайта құрылымдау үшін қажет негізгі құжаттар. Олар қазірдің өзінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына жолданды.
Несиені шегеру үшін не істеу керек?
- Базар әкімшілігіне барып, сауда орнының жалға алу шартының көшірмесін алу;
- Осы құжатпен бірге Төтенше жағдайлар департаментіне жүгініп, келтірілген шығын туралы анықтама алу;
- Анықтаманы банкке немесе микроқаржы ұйымына өткізіп, несиені шегеру немесе қайта құрылымдау мәселесін қарастыру.