Алакөлде катерден секірген жасөспірім суға батып кетті (ВИДЕО)

/
Алакөлде катерден секірген жасөспірім суға батып кетті (ВИДЕО)
istockphoto.com

Абай облысында, Алакөл көлінде жасөспірім ондаған адамның көзінше суға батып кетті. Қайғылы жағдай жағалаудан 500 метр қашықтықта, паром өткелі маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 6 тамыз күні, Көбенбай ауылының маңында, Мақаншы ауданында орын алған. Әлеуметтік желіде оқиға сәтінен бейнежазба жарияланды.

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім жалға алынған катерден құтқару жилетіНсіз суға секірген. Бірнеше минуттан кейін ол бата бастаған. Демалушылардың бірі құтқару жилетінде жүзіп келіп, көмек көрсетуге тырысқан, алайда суға батып жатқан жасөспірім қорқыныштан оны да су астына тартқан.

"Бүгін ТЖД сүңгуірлерінің суға түсуі нәтижесінде жағалаудан 500 метр қашықтықта, 6 метр тереңдіктен суға батып кеткен адамның мәйіті табылып, судан шығарылды", – деп хабарлады ведомство.

Іздеу жұмыстарына ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жұмысқа 12 құтқарушы, оның ішінде сүңгуірлер, төрт жүзу құралы, эхолот және дрондар тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары