«Қызымның жағдайы ауыр»: Танымал әнші Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды

/
«Қызымның жағдайы ауыр»:  Танымал әнші Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды
instagram

Jah Khalib лақап атымен танымал әнші Бахтияр Мамедов Қазақстанның бірнеше қаласында жоспарланған концерттері өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі баласы отадан кейін ауыр жағдайда жатқанын айтып, сахнаға шығуға дайын емес екенін түсіндірді.

«Құрметті достар, Қазақстандағы алдағы концерттерімізге баруды жоспарлаған барлық жанға үндеу жолдағым келеді.

Өкінішке қарай, бұл турды кейінге шегеруге немесе мүлде тоқтатуға мәжбүрмін (егер сіздер күтуге дайын болсаңыздар, кейінге қалдыруға тырысамын). Бұған себеп – жаңа туған қызым отадан кейін ауыр халде жатыр. Қанша тырыссам да, күш жинап, сахнаға шығуға шамам жоқ.

Сондай-ақ, дәл қазір менің қолдауым аса қажет болып отырған жұбайымның жанында болуым керек.

Түсіністікпен қарайды деген үміттемін. Баршаңыздан, кім қалай қолынан келсе – балаларымыздың амандығы үшін дұға етулеріңізді сұраймын», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, ол Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана және Ақтау қалаларында жеке ән-кешін беруі тиіс еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары