Оралда тонна-тонна балмұздақ отқа оранды

/
Оралда тонна-тонна балмұздақ отқа оранды

5 тамыз күні күндіз Орал қаласындағы жергілікті сүт комбинаты аумағында ірі өрт шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, тілсіз жау бірден екі өндірістік цехты шарпыған. Бірінде дайын өнім сақталған тоңазытқыш жабдықтар орналасса, екіншісінде балмұздақ өндірісіне арналған желі болған.

Өрттің жалпы аумағы шамамен үш мың шаршы метрді құрады. Қаланың үстін қою түтін басып қалды, ал құтқарушылар жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Қатты соққан жел жалынды жан-жаққа таратып, өртті сөндіруді қиындатқан.

Оқиға орнына ондаған өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жалынды шұғыл оқшаулап, оның комбинат аумағынан сыртқа таралуына жол бермеген.

Жедел қызмет өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Алайда құтқарушылар өрттің барлық ошағы толық сөндіріліп, құрылымдарға су бүрку аяқталғанша оқиға орнында болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары