Астаналық теннисшілер халықаралық турнирде 4 жүлде жеңіп алды

/
Астаналық теннисшілер халықаралық турнирде 4 жүлде жеңіп алды
Астана әкімдігі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара үстел теннисінен ITTF World Para Challenger Astana 2025 халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бес күнге созылған дүбірлі додада еліміздің атынан 39 спортшы бақ сынады. Олардың ішінде Астана қаласынан 9 спортшы ел намысын қорғап, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда табысты өнер көрсетті.

9-санат бойынша сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы, елордалық Алтынай Ержанқызы шешуші ойында үндістандық спортшы Прузви Жайдев Барвты 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Алтынай жұптық сайыста WD14-20 санаты бойынша бейтарап спортшы Сафира Файзутдиновамен жұп құрап, күміс медаль жеңіп алды. Ал аралас жұптық сайыста Алтынай Ержанқызы Марат Суртубаевпен бірге өнер көрсетіп, тағы бір күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, астаналық Александра Степанова WD5-10 санатындағы жұптық сайыста түркиялық Хатис Думанмен бірге өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

Осылайша, елордалық параспортшылар жалпы есепте 4 жүлде жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары