Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі 27 шілдеде жол апатына түсіп, көлікте болған екі құрбысы қаза тапқан еді. Шавкаттың келіншегі мен үш жастағы ұлы аман қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Halyqstan Telegram-арнасы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова қорғануға құқығы бар куәгер ретінде тергеліп жатқанын хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша объективті жағдайды анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған азаматша қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада жатыр. Тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында оған қатысты іс жүргізу шешімі қабылданады», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.