Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

/
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Spots.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды 1bol.kz.

Ол жақында ғана ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен соң шаршы алаңға оралған болатын.

"Енді қыркүйекте кезекті жекпе-жек өткіземін. Келер жылдан бастап MMA-дағы UFC сияқты жаңа промоушн Zuffa басталады. Ол жақтағы кездесулер оңай болмайды. Қазіргі өткізіп жатқан айқастарым – сол үлкен жекпе-жектерге дайындықтың бір бөлігі. Бірақ әзірге қарсыласымның кім екені белгісіз. Белгілі болғанда ресми түрде хабарлаймыз", - дейді Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр 19 шілдеде АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары