60 жастағы жарысқа арналған көлік жүргізушісі 450 км/сағ жылдамдықпен келе жатып апатқа ұшыраған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Америкалық автожүргізуші Крис Рашке сағатына 450 шақырымнан астам жылдамдықпен келе жатып апатқа ұшырады», - деп жазылған Оңтүстік Калифорния хронометраж қауымдастығының Facebook парақшасы таратқан хабарламада.
Кәсіби көлік жүргізуші 457 км/сағ жылдамдықпен рекорд орнатуды жоспарлаған. Алайда көлікті басқара алмай қалған.
Апаттың нақты себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Болжамдардың қатарында — көліктегі техникалық ақау, жүргізушінің қателігі немесе ауа райының қолайсыздығы секілді нұсқалар бар.