Бішкек пен Ташкентте жер сілкінісі болды

/
Бішкек пен Ташкентте жер сілкінісі болды

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан астаналарының тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің дүмпулері Бішкектің барлық аудандарында сезілген. Ол шамамен сағат 19:45-те болған. Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмология институты қазіргі кезде болған дүмпулер туралы деректерді өңдеп жатқанын хабарлады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5.1-ге тең болған. Оның эпицентрі Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасына жақын жерде, шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісін сондай-ақ Өзбекстан астанасы Ташкенттің тұрғындары да сезді. Ол шамамен сағат 18:50-де тіркелді. Қала бойынша жеңіл тербелістер сезіліп, олар екі-үш минут шамасында жалғасқан.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Сейсмоболжамдық мониторинг орталығының мәліметінше, магнитудасы 5.2 болатын жер сілкінісі Андижан, Наманган және Ферғана облыстарында тіркелген. Эпицентрі Қырғызстан аумағында болған. Кейін Өзбекстан ТЖМ Telegram-арнасында Ташкентте сілкініс күші 2 балл болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары