«Жалаңаш қатын»: Айтыскер ақын Джей Ло мен Бекболат Тілеуханды салыстырды

/
«Жалаңаш қатын»: Айтыскер ақын Джей Ло мен Бекболат Тілеуханды салыстырды
коллаж: turkystan.kz

Танымал айтыскер ақын Арман Бердалин жыршы Бекболат Тілеухан жайлы сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтыскер әлемдік әншінің концертіне барғандарды сынап тастады.

«Абайды бастан ұрып, Біржанды байлап, Бекболатты бездірген елдің сахнасына Джей Ло деген жалаңаш қатын шықпағанда кім шығады?! Бес ғасырыңды жырлап берген Бекеңе "арабқұл" деп ат қойып, айдар таққандар жалаңаш қатынның концертіне барған 25 мың адамды кімнің құлы дейді екен?», - деді Арман Бердалин.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырып жатты.

"Джей Лоға ешкім табынып жатқан жоқ. Тек өзіне қоя білген жоғары талап пен темірдей тәртіп арқасында әлемді аузына қарата алған талантына сүйсінеді, жігерленеді", "Джей Лоны тыңдайтыңдар Джей Лоны, Бекболатты тыңдайтын дар Бекболатты тыңдайды ғой. Жұрттың бәрі бір жаққа қарайған міндетті емес", деді желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары