Бүгін Алматы облысы ТЖД 112 пультіне Кеген ауданы аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы жерінде 2023 ж. т. баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль тобы аттандырылды.
Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бала табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Бала ата-анасына тапсырылды.
"Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.