Ақтөбеде ер адам бассейнге батып кетті

/
Ақтөбеде ер адам бассейнге батып кетті
istockphoto.com

Ақтөбедегі жекеменшік бассейндердің бірінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бассейннің тереңдігі – 2,5 метр, жолақтарының ұзындығы – 50 метр. Бассейн әкімшілігінің айтуынша, ер адам бұл жерде бұрын да бірнеше рет жүзген.

Бассейн қызметкерлері жаттықтырушы мен инструктор жұмыс орнында болғанын, бірақ бәрі кенеттен орын алғанын айтты.

«Біз қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаймыз», – деп түсіндірді қызметкерлер.

Оқиғаға байланысты полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында нысан әкімшілігінің қауіпсіздік ережелерін сақтауына баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары