«Алла бәрін көріп тұр»: Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы

/
«Алла бәрін көріп тұр»: Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Бангкокта (Таиланд) 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Қонысбеков ширек финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевқа қарсы бокстасты. Кездесу қорытындысы бойынша, Болтаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алайда, Аман Қонысбековтің жанкүйерлері төрешілер жеңісті қолдан тартып алғанын айтып, әлеуметтік желіде әділетсіз болғанын даулап жатыр.

Ал спортшы аталған жекпе-жекке қатысты ойын желідегі парақшасында қысқаша пікір білдірді.

«Аллам көріп тұр барлығын. Бұл мен үшін – үйреншікті жағдай. Мен ондайға сынбаймын», – деп жазды А. Қонысбеков.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары