Белгілі тележүргізуші аттан құлап екі күн ессіз жатқан

/
Белгілі тележүргізуші аттан құлап екі күн ессіз жатқан

Тележүргізуші Әйгерім Есенәлі аттан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеген.

"Алдарыңызға үш аптадан соң аман-есен шығып тұрғаныма шүкір. Үш жеті көрінбей кеткенімнің себебі, міне, бетімде  - көгерген. Мен ат спортын жақсы көремін. Соңғы рет атқа мінуге барғанымда жаңа атқа кезігіп, өмірімде бірінше рет аттан құлап қалдым.  Ат тұяғы маңдайыма тиген сияқты. Маңдайым, миым, көзім зақымданып, екі күн ессіз қалдым. Қалпына келу процесінен өттім. Қысқасы, қауіпсіздік техникасын сақтап жүріңіздер!", - деді Ә. Есенәлі.

Сондай-ақ ол көпшілікке туған күніне келген сыйлықтарды бір-бірден көрсеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары