Испанияда ұшақ құсқа соғылып, тұмсық бөлігінен айырылды

/
Испанияда ұшақ құсқа соғылып, тұмсық бөлігінен айырылды

Мадрид – Париж бағыты бойынша ұшып шыққан Iberia әуе компаниясының ұшағы құспен соқтығысқаннан кейін мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Airbus A321 әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткенде құспен соқтығысып, тұмсық бөлігінің елеулі зақымдануына ұшыраған. Elcaso басылымының мәліметінше, құс радар корпусы орналасқан тұсқа соғылып, соқтығыстың қатты жылдамдықпен болғаны соншалық – ұшақтың тұмсық бөлігінің бір бөлігі жұлынып кеткен.

Осы зақымға байланысты ұшақ Мадрид-Барахас (Адольфо Суарес атындағы) әуежайына оралуға мәжбүр болды.

Пилот ұшақты сәтті қондырып, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары