Павлодарда қараусыз қалған үйден бесінші рет өрт шыққан

/
Павлодарда қараусыз қалған үйден бесінші рет өрт шыққан
istockphoto.com

3 тамызда Г.Дүйсенов көшесі, 383 мекенжайындағы қараусыз қалған үй бесінші рет өртенген, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 07:45-те шығып, 08:59-де толығымен сөндірілді.

«Мекенжайда жалпы алаңы 150 шаршы метрдегі ағаш конструкциялары мен қоқыс өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, оның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді», – деді департаментте.

Айта кетейік, аталған мекенжай бойынша өрт бесінші рет шығып тұр. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті органдарға қараусыз тұрған объектіге қатысты шаралар қабылдау туралы ресми хаттар жіберілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары