Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа түсті

/
Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа түсті
Ғаламтор

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, Хасан Қасымбаев пен өзге де фигуранттарға қатысты іс айыптау актісімен бірге 21 шілдеде ведомствоға түскен.

«Облыстық прокуратура 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Еске салайық, Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізілген.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғарда болған Шерзат Болаттың (Полат) резонансты өліміне байланысты аталған еді.

Талғарда "Хуторлық бригаданың" басшысы атанып кеткен Хасан Қасымбаев 2024 жылғы 5 қарашада қамауға алынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары