Қазақ балуаны әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

/
Қазақ балуаны әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Фото: Спорт комитеті

Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған қазақ балуаны Дінмұхаммед Қасымбек қола медаль алды, деп жазды turkystan.kz.

Қазақстан күрестен 17 жасқа дейінгі жас категориясында жетістікке жетті. 80 келіге дейінгі салмақта Дінмұхаммед Қасымбек қола медаль жеңіп алған. Молдова балуаны Иван Паслариға қарсы жекпе-жек өте ауыр болды. Бірақ соңында Димаш жеңісті қолдан берген жоқ.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қасымбек Дінмұхаммед - Әлем чемпионатының қола жүлдегері! Грекия астанасы Афина қаласында еркін күрестен U17 Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

"Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Қасымбек Дінмұхаммед 80 кг салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль иегері атанды.

"Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Ниязбеков Даулет - аға жаттықтырушы, Калиев Расул - жаттықтырушы.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!", - делінген хабарламада

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары