Данияр Елеусінов неліктен өзінен кейін бокстан Олимпиада чемпионы шықпағанын айтты

/
Данияр Елеусінов неліктен өзінен кейін бокстан Олимпиада чемпионы шықпағанын айтты
ҰОК

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 1bol.kz сайтына берген сұхбатында кейінгі екі Олимпиадада қазақ боксшылары неліктен алтын ала алмағанын түсіндірді.

"Иә, қатарынан екі Олимпиада бокстан Олимпиада чемпионы шыққан жоқ. Бұндай тоқырау кезеңі әр мемлекеттің құрамасында болады. Мысалы, Куба, Ресей тағы басқа елдер де бір жылдары Олимпиада алтынынсыз қалды. 2008 жылғы Олимпиада ойындарында кубалықтар алтын жүлдеге қол жеткізе алмады. Қазақстанда да дәл сондай жағдай. Себебі 2012, 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама боксшылары мықты болды. Серік Сапиев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Василий Левит және мен "Сен тұр мен атайын" деген мықты боксшылар жиналдық. Осы боксшылардың барлығы жүлде алып келетін", - дейді Елеусінов.

Оның айтуынша бұл спортшылардың барлығы 2 олимпиадаға қатысты.

"Енді осы боксшылар кеткеннен кейін аздап тоқырау болып жатыр. Бұл – әр елдің құрамасында болатын мәселе. Енді жастар жақсы тәжірибе жинап, шыңдалып, жоғарғы деңгейге жеткенге дейін уақыт керек. Сол уақыт 2028 жылға тура келеді деп ойлаймын. 2028 жылы Олимпиада алтынын күтеміз", - деп түйіндеді чемпион.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары