Жамбыл облысындағы атыс: Облыс әкімі мәлімдеме жасады

/
Жамбыл облысындағы атыс: Облыс әкімі мәлімдеме жасады
gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданындағы атысқа байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, аталған істе күдіктілерге ешқандай кешірім болмайды. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады.

Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады.

Барша жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырамын.
Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз, әділетті және бірлікке негізделген қоғам құру", -делінген жазбада.

Айта кетейік, 29 шілдеде Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам ауруханаға түсті. Содан кейін ішінде екі адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.

Жамбыл облысы полициясының хабарлауынша, атысқа қатысы бар 4 күдікті ұсталды. Олар – Мойынқұм ауданының тұрғындары.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары