Қазақ өнерінің жанашыры Серік Ыдырысов дүниеден өтті

/
Қазақ өнерінің жанашыры Серік Ыдырысов дүниеден өтті

Бұл туралы әлеуметтік желіде Төреәлі Төлепов жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақтың құрметті азаматы! Ақ иық ақыны, Сырдың серісі Серік ағам- ай! Талайлардың таңдайын қақтырып, таң қалдырып, терең оймен сөз саптап, қиыннан қиыстырып айтудың шебері едіңі. Халқыңыз ұйып тыңдайтын ерекше жан едіңіз! Сыр еліне бес бірдей, бес елдің Президенті табан тірегенде арнайы елдің сәлемін жолдап арнау айтқаныңызды, талай ақындарға жол көрсетіп, ақыл айтып ұстаз болып, бесікте жатқан шақалақ Төреғалиға арнайы келіп аузына түкіріп батаңызды бергеніңізді бірі білсе, бірі білмес! Ізіңізге еріп өнегелі өнеріңізге куә болып, өмірімізге жетер азық алдық аға! Алла панасына алып, қабырыңызды нұрландырып. жатқан жеріңіз жәннәт болсын!», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары