«AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып, қоғам назарын қоршаған ортаның тазалығына аударуға үлес қосуда. Игі іс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында өтіп, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру мен туған өлкені қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді.
Алматы облысы Қонаев қаласында экологиялық акция аясында жастар мен еріктілер көл жағасын қоқыстан тазартты. Іс-шараға 50-ге жуық адам – партия мүшелері, белсенділер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
«Жастар Рухы» белсендісі Әділет Айтқазының айтуынша, демалушылардан қалған қалдықтар жағалаудың экологиялық жағдайына зиян келтіруде. Бұл жолы 90-ға жуық қап қоқыс шығарылып, жалпы салмағы 2 тоннадан асты. Олардың ішінде пластик, шіріген тамақ қалдықтары, сынған ыдыстар, бір реттік мангалдар мен құрылыс қоқыстары бар.
«Қапшағай көлі – еліміздің басты туристік аймақтарының бірі. Жыл сайын мұнда 500 мыңнанастам адам демалуға келеді. Бірақ жағажайдапластик пен шыны үйіліп жатса, туристердіқалай тартамыз? Тек өткен аптада ғана ондағанқап қоқыс жинадық. Егер әр демалушы өз қоқысынжинап кетпесе, көлдің экологиясына да, туризмгеде қауіп төнеді», – деді ол.
Сонымен қатар өңірдегі Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінде өткен тазалық жұмыстарына 150-ге жуық адам қатысты. 10 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 4 гектар аумақ күл-қоқыстан тазартылып, шамамен 3 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигонға жеткізілді.
Ал Қызылорда облысының Арал қаласында «AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалы ұйымдастырған акция барысында «Домбыра» аллеясына көгалдандыру жүргізілді. Сондай-ақ аллея аумағы қоқыстар мен арамшөптен тазартылды.
Абай облысы Үржар ауылында мәслихат депутаттары, жастар және жергілікті белсенділер өткізген экоакция да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар Балалар саябағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаны күтіп ұстауға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында 30 қап қоқыс арнайы техника көмегімен шығарылды.
Ал Шымкент қаласында экоакция Еңбекші ауданының Бекет батыр көшесінде ұйымдастырылды. Игі іске партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен қалалық коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене атсалысты.
«Бүгінгі акцияға 50-ге жуық азамат қатысып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Акция аясында көшенің бойындағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, қураған ағаштар мен арамшөптер тазартылды. Асфальт арнайы техниканың көмегімен жуылып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастырылды», – деді акцияға қатысқан волонтер Еділ Жарасұлы.
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы«QARMET» АҚ жанындағы «AMANAT» партиясы филиалының қызметкерлерінің қатысуымен өткен акцияға аясында қоқыс жинау, жиек тастарды ағарту және көше тазалау жұмыстары жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында экологиялық іс-шараға 60-тан астам белсенді қатысты. Бұл жолы тазалау жұмыстары қаланың тарихи орны — «Даңқ обелискісі» мемориалдық кешенінде өтті. Қатысушылар кешеннің аумағынқоқыстан тазартып, барлығы 31 қап тұрмыстық қалдық жинады.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы бері елімізде 1000-нан астам ластанған аумақ тазартылып, қалпына келтірілді. Су қоймаларының, өзендер мен көлдердің жағалауларында санитарлық жұмыстар жүргізіліп, қоқыстар жиналды. 100-ден аса су айдыны қамтылды. Олардың қатарында Каспий теңізінің жағалауы, Балқаш пен Зеренді көлдері, Кеңгір су қоймасы, Ертіс, Нұра, Есіл, Талас өзендері және басқа да су ресурстары бар. Жалпы экоакцияға 90 мыңға жуық адам қатысып, 160 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.