Қазақстанда жыл сайын 13 мың жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі

/
Қазақстанда жыл сайын 13 мың жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі
istockphoto.com

Кәсіпорындармен жасалған келісімдер мен меморандумдар аясында 30-дан астам білім беру бағдарламалары іске асырылуда.Нәтижесінде жыл сайын 13 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Министрліктің 8 саласы бойынша 88 кәсіби стандартты әзірлеу және жаңарту жоспарланған, бұл 544 мамандықты қамтитынын атап өтті. Кәсіби стандарттарды енгізу арқылы нақты сектордың кадрға деген сұранысы мен білім беру жүйесі арасындағы үйлесімділік қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Оның айтуынша осыған байланысты, өндірістік ортаға бейімделген білікті кадрларды даярлаудың тиімді тетігі ретінде дуалды оқыту жүйесін дамыту ерекше маңызды болып отыр.

Өнеркәсіп салалары үшін дуалды оқыту 284 колледжде жүзеге асырылуда (өңдеу өнеркәсібі бойынша 164 колледжде), және оған 700-ге жуық кәсіпорындар тартылған.

Кәсіпорындармен жасалған келісімдер мен меморандумдар аясында 30-дан астам білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

«Нәтижесінде жыл сайын 13 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ жүйелі түрде мыңдаған оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өткізіледі. Былтыр 2000-нан астам студент кәсіпорындарда тәжірибеден өтті. Озық білім беру технологияларын енгізу мақсатында халықаралық әріптестікті дамыту жалғасуда», — деп толықтырды Иран Шархан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары