Семсерлесуден әлем чемпионатында спортшыларымыз тарихи медальді жеңіп алды

/
Семсерлесуден әлем чемпионатында спортшыларымыз тарихи медальді жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында Франция командасын жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін қазақстандық семсершілер Ресей, Қытай мен Италия құрамасын жеңген болатын. Бірақ жартылай финалда Жапонияға бір ұпайға (42:41) ұтылып қалды.

Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде әйгілі Франция құрамасымен сайысқа түсті. Қазақстандық спортшылар бірден алға шығып, өз басымдығын соңына дейін сақтап қалды. Есеп - 45:31.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Грузияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл жарыста ел намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады.
Айта кетері, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының командалық жарысында медаль жеңіп алды. Бұған дейін 2023 жылы Руслан Құрбанов тек жекелей сында елге тарихи қола медаль әкелген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары