Қаскелең шатқалында ер адам аттан құлап кетті

/
Қаскелең шатқалында ер адам аттан құлап кетті
Сурет: visitalmaty.kz

Қаскелең шатқалында аттан құлап кеткен ер адамға ТЖМ құтқарушылары көмекке көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Қаскелен шатқалында (Қарасай ауданы, Көктөбе ауылы маңында) аттан адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Таулы аймақ болғандықтан, жедел жәрдем бригадасы оған жете алмады. Оқиға орнына ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы жетіп, зардап шегушіні тасымалдауға кірісті», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Құтқарушылар адамды шатқалдан эвакуациялап, медициналық мекемеге жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары