ҚазҰУ студенті ректорлық ғимараттың 14-қабатынан құлап кетті

/
ҚазҰУ студенті ректорлық ғимараттың 14-қабатынан құлап кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы беделді университеттің бірінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы informburo.kz жазды.

Алматы қаласының полициясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры ғимаратының терезесінен құлап кеткен қыздың қаза болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, қыз университеттің бірінші курс студенті болған. Ол 14-қабаттан секірген.

«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала деректерге сүйенсек, полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», – деп атап өтті департамент өкілдері.


 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары