Жамбыл облысында Қытай азаматын ұрған жұмысшыға сот үкімі шықты

/
Жамбыл облысында Қытай азаматын ұрған жұмысшыға сот үкімі шықты
Сурет: жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді

Мойынқұм аудандық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу фактісі бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың ақпаратынша, 2025 жылдың маусымында зауыт қызметкері – сотталушы Д. өзінің бастығы инженер-технолог Ю.-ға (Қытай азаматы) жұмыс уақытының табеліне қол қою үшін барған. Бастық бас тартқаннан кейін олардың арасында дау туындап, сотталушы ашуланып, жәбірленушінің бетіне және денесіне бірнеше рет соққы жасап, оған физикалық ауырсыну мен жарақат келтірген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешірмейтінін айтып, оның 1 млн теңге моральдық залал мен сот шығыстарын өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюын қанағаттандыруды сұрады.

«Сот кінәні мойындауды және шын жүректен өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот үкімімен Д. ҚК 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сот Ю.-дың азаматтық талап қою арызын ішінара қанағаттандырып, Д.-дан 500 мың теңге көлемінде моральдық зиянның өтемақысын және өкілдік шығыстарды өндіріп алды», - делінген хабарламад.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары