Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, соңынан өзі секіріп кеткен

/
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, соңынан өзі секіріп кеткен
istockphoto.com

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше «103» қызметіне қоңырау 30 шілде күні сағат 13:00-де түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өткен-кеткен тұрғындардың бірі Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйелдің бесінші қабаттағы терезеден екі баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін хабарлаған. Жағдайдың шұғылдығына байланысты оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді», – деді Жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнына жеткен.

«Екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді», – Жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалардың бірі бес жаста, екіншісі бір жарым жаста.

«Құлаған кезде пәтерде зардап шеккендерден басқа ешкім болмаған», – деді Шәкенова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары