Талдықорғанда банкке барған қыз құлап, омыртқасын сындырды

/
Талдықорғанда банкке барған қыз құлап, омыртқасын сындырды
istockphoto.com

12 маусымда анасы мен қызы банкке қарапайым қаржылық операция жасау үшін барған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызмет алу кезегін күтіп тұрған кезде қыз баспалдақ алаңына жақындап, төменге құлап кеткен. Анасының айтуынша, қоршаулар арасындағы саңылау тым кең болған, бұл қауіпсіздік нормаларына сай болмауы мүмкін.

Баланы Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізген, онда дәрігерлер баланың кеуде және бел омыртқасы сынғанын айтқан.

Оқиғадан кейін банк оларға төсек сатып әперген, сонымен іс біткен.

Еуразиялық банктің баспасөз қызметі аталған оқиғаның Талдықорғандағы банк бөлімшесінде болғанын растады.

«Қызмет көрсету залында ата-анасының қарауынсыз қалған бала өз бетінше қызметтік аймаққа – баспалдаққа шығып, жарақат алған», – делінген хабарламада.

«Банк бөлімшелері балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне арналмаған. Дегенмен, осы жағдайдан кейін Еуразиялық банк қауіпсіздік деңгейін арттыру және осындай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауда. Бөлімше қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырған. Анасының бастапқыда ауруханаға жатқызудан бас тартқанына қарамастан, дәрігерлердің талабымен және банк көмегімен бала Алматыдағы №1 Балалар ауруханасында қайта тексеріліп, емделді», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары